




Previous
Next
2019 жылдың 15.04.2019ж. күні Жол – көлік колледжінде 6 күндік әскери оқу дала жиынының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Акмулдаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. 6 күндік әскери оқу дала жиынының жоғары деңгейде өтетіндігіне сенім білдірді.
Салтанатты жиын барысында колледжіміздің студенттері әскери іс-қимылдар мен жауынгерлік дайындықтың түрлерінен көріністер көрсетті, ал оқу топтарындағы қыз балаларға колледж медбикесі алғашқы көмек көрсету,т.б.медициналық дәріс сабағын өткізді.