1 желтоқсан –Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы – Тұңғыш Президент күні! Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мерекеге орай, 30.11.2020ж. күні Жол-көлік колледжінде онлайн форматта «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Акмулдаев ашып, құттықтау сөз сөйледі. Жиында Елбасының тағылымға толы өмір жолы туралы бейнебаян көрсетілді. Салтанатты жиын барысында жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етіп, шығармашылық жетістікке жеткен колледж оқытушылары мен қызметкерлері Шымкент қаласы білім басқармасы, Шымкент қаласы Абай ауданы әкімшілігінің және «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалы мен колледж директорының Алғыс хаттарымен марапатталды.