1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ

Құрметті ұстаздар! Қымбатты білім алушылар, ата — аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін!
⚜️⚜️⚜️ Бүгін, 53 жылдық тарихы бар Жол-көлік колледжінде 1 қыркүйек – Білім күні аталып өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Іс-шараға биыл жаңадан қабылданған білім алушылар, ата-аналар, колледж ұжымы қатысты. Колледж директоры Балмаржан Полатқызы барша қазақстандықтарды, білім алушылар мен ата-аналарды мерекемен құттықтады. Бұл барша жанның көңілін толқытқан ерекше сәт болды. Салтанатты жиынды колледждің өнерлі жастары әрлендіріп, әннен шашу шашты.
Салтанатты жиыннан кейін барлық оқу топтарында “Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және патриотизм” тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді. Тәрбие сағаты барысында оқу топтарының кураторлары ата-аналар мен білім алушыларға қажетті ақпараттар берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған