
Мереке күніне орай Жол-көлік колледжінің Тіл пәндері циклдік комиссиясының оқытушылары «Тілім менің – мерейім!» атты мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. Колледж студенттері қазақ, өзбек, түрік, әзірбайжан, орыс, ағылшын тілдерінде өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, тіл мерейін асқақтата түсті. Өнерлі жастар ән мен күйден шашу шашып, Алаш зиялыларының тіл туралы қанатты сөздері мен орамды ойларын жатқа оқып мерекелік көңіл-күй сыйлады.Үздік қатысушыларға көркем әдебиеттер сыйға тартылды.


Previous
Next