07.11.2023ж. Жол-көлік колледжі жатақханасы студенттерімен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Тұран аудандық полиция капитаны Омаров Нұржан Тлепбайұлымен кездесу өтті. Жатақхана студенттерімен бірнеше мәселеге тоқталып пікір алысты. Қазіргі уақыттағы күрделі мәселелер түнгі уакыттағы оқушылардың жүрісі, темекі шегуі, әлімжеттілік жасауы, жат діни ағымдардан аулақ болуы тұрғысында түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Студенттер белсенділікпен қатысып, пікірлесе отырып сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар қыз балалар әдебі де қамтылды. Түнгі клубтарға бармауы, тәтті сусындарға үйір болмауы тұрғысында әңгіме қозғады. Ағымға еліктер хиджап киіп жүруге болмайтынын қатаң ескертті.
Кездесу соңында оқушылар ризашылықтарын білдіріп, келешекте мұндай кездесу жалғасын тапса деген ұсыныстарын жеткізді.