КОЛЛЕДЖ ЖАТАҚХАНАСЫНДА «ТӘРТІПТІ ТІЗГІНДЕЙІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ЗАҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТ

18.01.2024ж. күні Жол-көлік колледжі жатақханасында оқу-тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес тәрбиеші Б.Тулеуованың ұйымдастыруымен студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың, ойынқұмарлық, лудомания сынды теріс әрекеттердің алдын алу мақсатында заң қызметкерлерімен кездесу өтті.
Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚБ 69 УПП учаскелік инспекторы, полиция майоры М. Мырзабеков қазіргі таңдағы күрделі мәселелерге тоқталып, түсіндіру, ескерту, тыйым салу жолдарын айтты. Студенттердің жатақханаға алкогольдік және тыйым салынған заттарды алып келмеуін, бөгде адамдардың кірмеуін қатаң бақылау бағытында және Республикамыздың өңірлеріндегі студенттер қатысуымен жатақханаларда орын алған қайғылы жайдайларды болдырмау және алдын алу мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер белсенділік танытып сұрақтарына жауап алып, ризашылық пікірлерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған