Онкүндік аясында 2024 жылдың 13 ақпан күні Жалпыбілім және жалпыкәсіптік пәндер циклдік комиссиясы оқытушылары таңғы сағат 8:00-де колледж фойесінде білімді, зияткер студент жастардың көшбасшылық қасиеттерін арттыру мақсатында «Дарындылар додасы» зияткерлік сайысын өтті. Ж. Байділдаева, Б. Раимкуловтың «Оттекті органикалық қосылыстар. Біратомды, көпатомды спирттер» тақырыбындағы ашық сабағымен жалғасын тапты. Б. Қожақұлова, Д. Кулабекова «Auto Cad бағдарламасы бойынша спецификацияның МЕСТ 2.108-68 толтырылу тәртібі оның негізгі жазуы. МЕСТ -.104-68 №2 форма бойынша» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сызбаны оқып-түсіну және әдемі сызба сала білу – мәдениеттіліктің белгісі деп, «Тарсия» ойыны арқылы өткен тақырыптар бойынша топты 2-ге бөлу арқылы берілген сұрақ-жауаптарды таба отырып үшбұрыш және алты бұрыш фигураларын білім алушыларға құратты. Wordwall қосымшасының QR коды арқылы кіріп жаңа тақырыпқа байланысты суреттерді сәйкестендірді. Тапсырмалардың нәтижесіне сай сабақты қорытындылап, студенттер «Бағалау транпортирі» арқылы өзін-өзі бағалады.
Н. Нурданов, М. Әділбек «Виды и назначение станционных путей и парков» ашық сабағын, Р. Сырымбетов, Н. Утешов «Основное диагностическое оборудование для проверки технического состояния автомобиля» шебер сыныбын, Н. Билеров, Қ. Жанабаев, Д.Ибраимов теннис алаңында үстел теннисінен студенттер арасында колледж жеке біріншілігін өтті. Ойындар Федерация бекіткен үстел теннисі ережесіне сәйкес өткізілді. Дене шынықтыру және спорт – денсаулық кепілі екенін насихаттап, салауатты – өмір салтына тарту арқылы студенттер денсаулығын жақсарта білді. Үстел теннисі жарысы 3 жеке мачтың көпшілігінде тек жеке ойыншы жүйе жарысы ретінде ойналды. Л.Бердикулова, Р. Жумабаева «Тарихи және мәдени ескерткіштер» атты кіріктірілген ашық сабақ, Г.Усенова, В. Бердалы, Е. Қалдыбай «Арнайы сұйықтықтар», С. Диханбаева, М. Ермек «Виды и назначение дорожных одежд» тақырыбында ашық сабақтар өтсе, С. Берденов, Ә. Тулюмбетова волейболдан І курс студенттер арасында колледж құрамасын жасақтау спорттық ойынын өткізді. М. Джундубаева, Г. Муханова, А. Каштаев «Автомобиль және темір жол көлігінің тасымалдаудағы рөлі» пікірсайысын өтіп, Ж. Бейсембаев, А. Бадаева, С. Диханбаева, Б. Райымкулов «Мамандық таңдаудың 5 қадамы» сайыс сабағында білім алушыларға минималды немесе қажетті білім мен кәсіби дағдыларды бере отырып, бәсекеге қабілетті тұлға- болашақ маман иелерін дайындады. «Soft skills» терминімен аталатын қосымша икемді дағдыларды дамытып, болашақ мамандықтарына сүйіспеншілікті оята білді.
Барлық оқытушылар жоғары деңгейде заманауи талапқа сай өтті. Оқытушылар өз шеберліктерімен танылса, оқушылар сабаққа қатысу белсенділігімен көзге түсті.
Previous
Next