30.04.2024 ж. күні «Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз» атты топ жетекшілер бірлестігі апталығының жоспарына сәйкес колледж мәжіліс залында «Достығымыз жарасқан!» тақырыбында студенттермен тәрбие сағаты өтті.
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының «Керуені» жүріп, өнерпаз студенттер концерттік бағдарлама қойды.
Күн көзіндей жылылық пен ұлылықты паш еткен, адалдықтың есімін, бейбітшілік бесігін тербеткен мамырлаған мамыражай мереке құтты болсын! Барша қазақстандықтарды 1 – мамыр – Қазақстан халықтарының бірлік, ынтымақ күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі арта берсін!