Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызының бұйрығымен Нарбекова Балмаржан Полатқызы «Жол-көлік» колледжінің директоры болып тағайындалды.
Балмаржан Полатқызы 2010 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2018 жылы – Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, 2023 жылы – Ж.Тәшенев атындағы университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасы, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтой медалінің иегері.
Еңбек жолын 2009-2010 жылы Шымкент қаласы әкімі аппаратының нұсқаушысынан бастап, «Жастар орталығы» МКҚМ директорының орынбасары, «Жастар орталығы» МКҚМ директорының міндетін атқарушы, «Жастар орталығы» МКҚМ директорының орынбасары, Шымкент қаласы «Жұмыспен қамту орталығы» аналитикалық жинақтау және мониторингілеу бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы «Жұмыспен қамту орталығы» жастар тәжірибесін ұйымдастыру бөлімінің бастығы, «Нұр Отан» партиясы Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің ғылыми-шығармашылық жұмыстарына жетекшілік етуші штаттан тыс директорының орынбасары, Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары, ОҚО Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы, Түркістан облысы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы, Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы қызметтерін абыроймен басқарған.
Ұзақ жылдар мемлекеттік салада абыройлы қызмет етіп келген Балмаржан Полатқызына алдағы істеріне де сәттілік тілейміз, колледждің дамуы мен гүлденуі жолында аянбай еңбек етеді деп сенеміз!!!
Previous
Next