27.09.2024ж. күні Жол-көлік колледжінде «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста колледж директоры Б.П.Нарбекова сөз алып, оқу орнымыздың әкімшілік құрамын таныстырды.Сонымен қатар 1 курс білім алушыларының ата-аналарын құттықтап, 2024-2025 жаңа оқу жылына қойылатын талаптар мен оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы айтып өтті.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
• «Сапалы білім-жарқын болашақтың бастауы» 2024-2025 оқу жылының оқу процессімен таныстыру. Жауапты: Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимов.
• «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» колледждің ішкі тәртіп ережесімен және тәрбие бағыттарымен таныстыру.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Жауапты: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А. Алтынбеков.
• Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Отбасылық құндылықтарды сақтау (кибербулинг) Жауапты: Тұран ІІБ құқық қорғау органдарының қызметкері.
• «Дені саудың-тәні сау» Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы және оқушылардың денсаулығы туралы. Жауапты: «Алинұр» емханасының қызметкері А.Е. Максутова, ВОП Х.А.Баубекова.
• Отбасындағы қарым-қатынастың психологиялық мәселелері.
Жауапты: колледж педагог-психологы М.М.Умирзакова
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Ешимов оқу процесі жайында, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Алтынбеков колледждің ішкі тәртіп ережесі мен сабаққа кері әсер ететін тыйым салынған заттарды алып келмеу туралы, заң алдында кәмелетке толмаған балаларға ата-ана жауапты екенін ескертіп, ата-аналарды өз балаларына жауапкершілікпен қарауға шақырды. «Алинур» медициналық орталығының қызметкері А.Максутова, маман-дәрігер Х.Баубекова студенттердің медициналық сақтандыру ережелері жөнінде маңызды ақпараттармен таныстырды. Студенттердің жаңа өмір жағдайына бейімделуіне байланысты колледждің педагог-психологы М.Умирзакова психологиялық кеңес беріп өтті.
Жиналысқа қатысушылар күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша өз ой-пікірлерін білдірді. Ата-аналар тарапынан колледж әкімшілігіне бірқатар сұрақтар қойылып, керегінше жауаптар алынды. Жастардың бойына білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаздар қауымына ата-аналар да алғыстарын білдірді.
Previous
Next