Жас маман мектебі

23.10.2024 ж. Күні Жол-көлік колледжінде «Жас маман мектебі» жоспарына сәйкес, 2024-2025 оқу жылына жаңадан қабылданған жас оқытушыларға арналған семинар өтті.Семинарға жас оқытушылармен қатар,оларға бекітілген тәлімгерлерде қатысты.Семинарды колледж директорының м.а. Б.Ешимов ашып, семинардың мақсаты мен мазмұнын айта келе, оқу-тәрбие процесін жүргізу барысында бірлесіп жұмыс атқаратын құрылымдық бөлімше меңгерушілерін таныстырып өтті. Жас оқытушыларға келелі кеңес бере отырып,жас маманмен жұмыс – жас оқытушының кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі екенін, білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс еместігін, педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, педагогикалық құзыреттілігін дамытып отыруы қажеттігін, жас маман болып еңбек жолын жаңа бастаған оқытушыларға педагогикалық та, психологиялық та, әдістемелік те қолдау көрсету сол ұжымның ішіндегі тәжірибелі ұстаздар мен тәлімгерге жүктелген аса жауапты міндет екеніне тоқталды.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Тәліп және директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарының м.а. З. Шамшиметов жас мамандарға өз тараптарынан кеңес бере отырып, қазіргі таңда жас мамандар жаңа технологияны жан-жақты меңгерген, теориялық білімі жақсы болғанымен әдістемелік және психологиялық жағынан қолдау қажет ететінін, сол себепті жас мамандармен жылдық жұмыс барысын қамтитын тәлімгердің жұмыс жоспары бекітілетінін, жұмыс жоспары: оқу жұмыс бағдарламасымен танысу, оқу сабағының жоспарын дайындау, оқулықтармен, әдістемелік әдебиеттермен танысу, электронды журналмен жұмыс және т.б. бірнеше бағыттардан тұратынын, сол бағыттар бойынша оқу жылы барысында үздіксіз жұмыс жүргізу керектігін ескертті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған