Жұмысшы жастар – ел болашағы: Атыраудағы республикалық форум

Атырау қаласында 27,28,29 сәуірде жұмысшы жастардың республикалық форумы өтті!
Атырау қаласында жұмысшы жастардың басын қосқан маңызды іс-шара болды. Бұл форум Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Форум барысында жұмысшы жастардың рөлі мен маңыздылығы артып келе жатқанына ерекше назар аударылып, болашаққа арналған жоспарлар талқыланды.
Жұмысшы мамандықтар – ел экономикасының тірегі. Инженерлер, құрылысшылар, дәнекерлеушілер, механиктер мен өзге де жұмысшы мамандар қоғамның тұрақты дамуына, жаңа өндірістердің құрылуына және халықтың әл-ауқатының артуына тікелей ықпал етеді.
Іс-шараға Жол-көлік колледжінің 3 курс, ТМ-231 тобының студенттері Жұма Жалғас, Жолдасбек Нұрдәулет және арнайы пән оқытушысы Тәжібек Бекбосын Мұратұлы қатысып, жұмысшы жастардың республикалық форумына қатысқанын растайтын сертификаттармен оралды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған