Колледждерге оқуға қабылдау басталды!
Жаңа 2025-2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына (колледждерге) қабылдау 25 маусымнан басталды!
Биылғы жылы қала бюджеті есебінен 70 мамандық бойынша 8000 оқу гранты бөлініп, қаладағы 26 колледжге бөлініп отыр.
Атап айтқанда:
- Білім саласы – 855;
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар саласы – 454;
- Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат саласы – 90;
- Бизнес, басқару және құқық саласы – 25;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы – 1365;
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы саласы – 3490;
- Ауыл, орман, балық шаруашылығы мен ветеринария саласы – 25;
- Денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау саласы – 450;
- Қызмет көрсету саласы – 1246 орын бөлініп отыр.
Гранттық орынды иелену үшін талапкерлер:
- колледждерге
- «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталына тиісті құжаттарды тапсыра алады.
Жұмысшы біліктілігі, діни және түзеу мекемелеріндегі даярланатын мамандықтар бойынша оқуға түсушілер әңгімелесу қорытындысымен, орта буын маманы мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер конкурстық негізде қабылданады.
Конкурс аттестаттың орта баллы мен бейінді пәндердің бағалары бойынша жүргізіледі.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, арнайы және педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша қосымша емтихан (эссе, тест) тапсыру қажет.
Тапсырылатын құжаттар:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3×4 см көлеміндегі цифрлық фотосурет;
4) 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама (бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы);
5) арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты қосымша ұсынады.
Сондай-ақ, талапкерлер немесе олардың заңды өкілдері оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекітілгенін (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 бұйрығы) білу қажет.
Құжаттап тапсырылып болған соң, ақпараттық платформа белгіленген орындарды талапкерлер арасында бөлуді автоматты түрде жүргізіп, тамыз айының соңында мемлекеттік тапсырыс, яғни грант иелерінің тізімі жарияланады