Еліміздің экономикасын алға жетелейтін, қоғамның берік тірегі саналатын жұмысшы мамандықтардың маңызын арттыруға бағытталған “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоғары деңгейде өткізіліп, өз мәресіне жетті.
Бұл жыл еңбек адамына деген құрметті күшейтіп, жастарды нақты кәсіпке баулуда, кәсіби білім мен дағдыларды дамытуда жаңа серпін берді.
Жыл аясында өткізілген байқаулар, форумдар, шеберлік сабақтары мен тағылымдамалар мыңдаған жасқа өз қабілетін танытып, болашағын сенімді мамандықпен байланыстыруға мүмкіндік берді.
Еңбекқорлық пен кәсібилікті дәріптеген бұл бастама — ел дамуына қосылған нақты үлес.