01.09.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде «1 қыркүйек – Білім күні» салтанатты түрде аталып өтті. Бұл күнгі салтанатты жиынға 2019-2020 оқу жылына қабылданған бірінші курс оқушылары және ата-аналар қатысты. Салтанатты жиынды колледж директоры Г.Ү.Искакова ашып, оқушыларды және ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, колледж оқушыларына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, салтанатты жиын барысында ата-аналар тарапынан да жылы лебіздер айтылды. Жиын соңы әсем ән мен жырға ұласты.