Previous
Next
29.10.19 ж. күні Жол-көлік колледжінде Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының мүшелері: «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы, дінтанушы Әділбеков Хамзат Қажымұратұлы және Шымкент қалалық Дін істері басқармасының бөлім басшысы Айтаев Икрам Сатыбалдыұлы мен колледж студенттері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында қоғамдағы қазіргі діни ахуал туралы мәліметтер беріле отырып, ислам дінінің білім саласында алатын орны, асыл дініміздің ұстанымдары жайында айтылды. Бұл, тағлымы мол кездесудің маңыздылығы – жас ұрпақтың діни сауаттылықтарын арттыруға бағытталды. Кездесу соңында, жастар өздерін діни бағытта толғандырып жүрген сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды.