Дуалды оқыту бағдарламалары

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 21 қантардағы
№ 50 бұйрығымен бекітілген

Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-12) тармақшасынасәйкес әзірленді және дуальды оқытудың ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағида меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарына, дуальды оқытуға қатысатын оқу орталықтарына, кәсіпорындарға (ұйымдарға) таратылады.

  1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім алушы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымындағы білім алушы адам;

      2) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын, оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      3) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

      4) біліктілік беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;

      5) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      6) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

      7) дуальды оқыту туралы шарт – өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту шарттары мен тәртібін регламенттейтін, білім алушы, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту үшін жұмыс орнын ұсынатын кәсіпорын (ұйым) және оқу орны арасындағы жазбаша келісім;

      8) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағыттталған өзара байланысты іс-қимыл жинағы;

      9) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;

      10) кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, кәсіп пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;

      11) кәсіпорын (ұйым) – осы Қағидаға сәйкес дуальды оқытуға қатысатын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;

      12) өтемақы төлемдері – еңбек қатынастарында тұрмайтын жұмыскерлерді немесе басқа да адамдарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктіліктерін арттыруға байланысты ақшалай төлемдер;

      13) өндірістік оқыту – білім беру ұйымдарының және (немесе) кәсіпорындардың (ұйымдардың) базасында білім алушылардың теориялық білім алуына, практикалық машықтануына бағытталған оқыту;

      14) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

      15) оқу орны – дуальды оқыту бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      16) оқу орталығы – өндірістік практиканы міндетті ұйымдастырумен қоса қосымша білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын меншіктің тәуелсіз нысаны;

      17) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

      18) тәлімгер – кәсіпорынның (ұйымның) өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы технологияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын білікті жұмыскері;

      19) тыңдаушы – қосымша білім беру немесе даярлық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында оқитын адам.

  1. Дуальды оқытудың қатысушылары:

      1) меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;

      2) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар (ұйымдар);

      3) білім алушы – студент (тағылымдамашы), тыңдаушы.

  1. Дуальды оқытудың міндетті компоненттері:

      1) дуальды оқыту туралы шарт;

      2) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген дуальды оқытудың жұмыс оқу жоспары;

      3) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы іске асыру үшін жабдықталған оқу, жұмыс орындары және/немесе кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) оқу-өндірістік орталық немесе өндірістік оқытуды іске асыру үшін оқу-өндірістік шеберханалар, зертханалар, колледждердегі оқу полигондары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында;

      4) кәсіпорындарда (ұйымдарда) өндірістік оқытудың және кәсіптік практиканың білікті тәлімгерлері болып табылады.

2-тарау. Дуальды оқытуды ұйымдастыру тәртібі

  1. Дуальды оқыту дуальды оқыту туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Дуальды оқытуға арналған іріктеу:

      1) кәсіпорын (ұйым) өткізетін кадрларды даярлаудың дуальды бойынша білім алуға ниет білдірген білімалушылармен әңгімелесу нәтижелері бойынша;

      2) еркін нысандағы азаматтардың өтініші бойынша жүргізіледі.

  1. Дуальды оқыту шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру оқу орны бекіткен және кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген, тиісті үлгілік оқу жоспарларының және бағдарламалар негізінде әзірленген оқу жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды, сондай-ақ оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында – өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен орындалатын өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.
  3. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың нысаны, мазмұны және көлемі тиісті мамандық пен біліктілік бойынша қолданыстағы білім беру бағдарламаларының негізінде айқындалады.
  4. Дуальды оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, практиканы көздейді.
  5. Оқу процесінің кестесін білім беру ұйымы бекітеді және кәсіпорынмен (ұйыммен) келісіледі.
  6. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне(бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес кәсіпорынның еңбек тәртібі қағидасы қолданылады.
  7. Білім алушы өндірістік оқыту мен практикадан өту уақытында білім алушының еңбек өтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайды және сол уақыт үшін өтемақы төлемі жүргізілуі рұқсат етіледі.

      Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтетін адамдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қолданылады.

  1. Кәсіпорынның (ұйымның) қалауына қарай білім алушыға өтемақы белгіленеді.
  2. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді білім алушылардың меңгеру қорытындысы және (немесе) аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді

  1. Аралық аттестаттауды оқу орны өткізеді, ол үшін дуальды оқытуда қатысатын кәсіпорындардан (ұйымдардан) (тәлімгерлерді аттестаттаумен байланысты емес) мамандарды тарта отырып емтихан комиссиясы құрылады.
  2. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға жұмысшы біліктілігі және (немесе) «орта буын маманы» біліктілігі беріледі.

      Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға «қолданбалы бакалавр» біліктілігі беріледі.

  1. Қорытынды аттестаттаудан табысты өткенде білім алушы, мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

3-тарау. Дуальды оқытуды ұйымдастыру процесіне қатысушылардың функциялары

  1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативті көмек көрсетеді және дуальды оқыту шеңберінде басқа да құзыреттеді жүзеге асырады.
  2. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дуальды оқыту туралы үшжақты шарттар жасауға жәрдемдеседі, дуальды оқыту пайдаланумен оқу-әдістемелік материалдарды, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, білім беретін оқу бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеуге қатысады, дуальды оқыту бойынша білім алған бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады, кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби кадрларға қажеттіліктеріне мониторинг жүргізеді, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының жұмысын үйлестіреді, дуальды оқыту шеңберінде өзге де құзыреттерді жүзеге асырады.
  3. Оқу орны:

      1) оқу процесіне қажетті жағдайлар туғызады;

      2) кәсіпорындармен (ұйымдармен) дуальды оқыту бойынша білім алушыларды дайындау үшін оқу жоспарларын және бағдарламаларды келіседі;

      3) кәсіпорындардың (ұйымдардың) талаптарын ескере отырып, дуальды оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді;

      4) кәсіпорындарда (ұйымдарда) білім алушылардың өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуіне бақылау жүргізеді;

      5) оқу орнында аралық және қорытынды аттестаттауды оқу орындарында өткізеді және біліктілікті тағайындау мен кәсіби дайындық деңгейін бағалауға қатысады;

      6) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісім бойынша кәсіпорынға (ұйымға) инженер-педагог жұмыскерлерді тағылымдамадан өтуге жібереді;

      7) дуальды оқыту бойынша білім алған және өз біліктілігін растаған түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді;

      8) дуальды оқыту туралы үшжақты шарттарға қол қояды;

      9) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы, білім алушының бір біліктілік шеңберінде кәсіби модульдарды игеру қорытындылары және (немесе) аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша кәсіптік даярлау туралы куәлік беріледі.

  1. Кәсіпорын (ұйым):

      1) жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес кәсіптік практикадан, сондай-ақ өндірістік оқытудан өту үшін орындар ұсынады, қауіпсіз жағдайлар жасайды және шарттарда көзделген міндеттерді орындайды;

      2) оқу процесіне түзету бойынша ұсынымдарды енгізу мақсатында оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысады;

      3) оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдеседі;

      4) дуальды оқыту бойынша кәсіпорындарда оқу, жұмыс орындары туралы өңірлік палатаға өтінімдер береді;

      5) оқу орындарының жұмыс оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларын сондай-ақ оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге қатысады;

      6) білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіпорында (ұйымда) өндірістік оқыту мен (немесе) кәсіптік практиканы өткізуді ұйымдастыруды келісімге сәйкес қамтамасыз етеді;

      7) білім алушыны кәсіпорынның (ұйымның) нұсқаулықтарына, оқу үшін қажетті құралдарға сәйкес жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етеді;

      8) техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықталған оқушы, жұмыс орындарын ұсынады;

      9) дуальды оқыту туралы шарт негізінде кәсіпорын (ұйым) өндірістік оқыту мен (немесе) кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыру үшін білім алушыға тәлімгерді бекітіп береді;

      10) аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық актілермен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен таныстырады;

      11) еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі бойынша заңнамада және кәсіпорында (ұйымда) жергілікті құжаттар да көзделген барлық нұсқамалықтардың түрлерін жүргізеді;

      12) білім алушының аралық және қорытынды аттестаттауға қатысады;

      13) өз кәсіпорыны (ұйғарымы) бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және дуальды оқыту туралы шарттың талаптарына сәйкес білім алушыларды еңбекке өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етеді;

      14) дуальды оқыту бойынша білім алған және өз біліктілігін растаған бітірушілерді бос орындар болған жағдайда жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді қарастырады;

      15) кадрларды даярлаудың дуальды оқыту бойынша білім алуға ниет білдірген талапкерлермен әңгімелесу өткізеді;

      16) дуальды оқыту туралы үшжақты шарттарға қол қояды.

  1. Білім алушы:

      1) аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық актілермен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен танысады;

      2) оқу және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды сақтайды;

      3) оқу жоспарымен белгіленген көлемде толық оқу курсынан өтеді;

      4) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту туралы күнделік жүргізуді, жасалған жұмыс туралы тәлімгерге есеп ұсынады;

      5) аралық аттестаудан және дуальды оқыту аяқталғаннан кейін қорытынды атестаттаудан өтеді.

  1. Дуальды оқыту саласындағы жергілікті атқарушы орган:

      1) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадарлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      2) өңірде дуальды оқытуды ұйымдастыру мониторингін жүзеге асырады;

      3) дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

      4) өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен бірлесіп дуальды оқытуға оқу орындарын тарту жұмысын жүргізеді және ұйымдарды (кәсіпорындарды) тартуға ықпал етеді;

      5) өңірлік палатамен бірлесіп дуальды оқыту туралы шарттар жасауға жәрдем көрсетеді;

      6) дуальды оқыту бойынша білім алған бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөнінде мониторинг жүргізеді және жәрдемдеседі;

      7) дуальды оқыту шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы:

      1) дуальды оқытуға қатысуға бойынша, кәсіпорында (ұйымдарда) оқу, жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген кәсіпорындар (ұйымдар) тараптарынан өтінімдер қабылдайды;

      2) кәсіпорындардың (ұйымдардың) өтініштері бойынша оқу орындарын оқушы, жұмыс орындарын құруға жәрдемдеседі;

      3) дуальды оқыту туралы үшжақты шарт жасауға жәрдем көрсетеді;

      4) дуальды оқыту туралы үшжақты шарттарды тіркейді және тізілімін жүргізеді;

      5) дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетеді;

      6) кәсіпорындарда (ұйымдарда) тәлімгерлерді бекітудің мониторингін қамтамасыз ету және тәлімгерлерді оқытуға жәрдем көрсетеді;

      7) дуальды оқытуды оқыған бітірушілерге біліктілікті тағайындау мен біліктілікті беруді өткізуге жәрдемдеседі;

      8) біліктілік емтиханын ұйымдастыруда кәсіпорындар өкілдерінің және жұмыс берушілер қауымдастығы қатарынан қалыптастырылатын кандидатураларды біліктілік комиссиясының төрағасы мен құрамын келісуді қамтамасыз етеді;

      9) дуальды оқыту саласындағы өзге де өкілеттікті жүзеге асырады;

      10) дуальды оқыту жүйесі бойынша мамандарды даярлау жөнінде мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға қатысады;

  1. Тәлімгер:

      1) тікелей басшының келісімімен білім алушыны қосымша білім алу үшін кәсіпорынның (ұйымның) басқа мамандарын тартады;

      2) білім алушыдан өндірістік қызметке байланысты мәселелер бойынша нұсқаулардың орындалуын талап етеді;

      3) өзінің қамқорлығындағы оқушының қолайлы еңбек қызметі үшін жағдайлар жасау туралы басшылық алдында өтініш жасайды;

      4) білім алушыдан ауызша және жазбаша нысанда жұмыс есептерін талап етеді;

      5) білім алушыға жұмысшы разрядын беру және оның кәсіби мінездемесін талқылауға қатысу туралы ұсыныс енгізеді;

      6) білім алушының қызметтік, қоғамдық қызметіне байланысты мәселелерді талқылауға қатысуға, кәсіпорынның (ұйымның) оны көтермелеу, тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы тікелей басшыға ұсыныс жасайды;

      7) білім алушыға өндірістік қызметпен, корпоративтік мәдениетпен танысуға және кейіннен кәсіби дамуына, жұмыс орнында кәсіби қызметті бекітуге жәрдемдеседі;

      8) білім алушыны практикалық тәсілдерге және лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау әдістеріне оқытады;

      9) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес білім алушыны оқытуды жүзеге асырады;

      10) білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуына бақылайды;

      11) білім алушы жіберген қателіктерді анықтауға және бірлесіп жоюға, бар кемшіліктерді жеңуге көмек көрсетеді;

      12) білім алушының бойында өзінің кәсіби міндеттерін орындауға жауапты қарауға, сондай-ақ жұмыстағы әріптестеріне дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырады;

      13) білім алушыларды еңбек етушілерге, олардың еңбегіне және еңбек нәтижелеріне, сонымен қатар жеке еңбекке деген жауапты қатынасты құрметтеуге тәрбиелейді;

      14) білім алушыға пікір жазады;

      15) педагогикалық технологиялар саласында өз біліктілік денгейін көтереді.

  1. Жергілікті атқарушы органдар, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, оқу орындары, кәсіпорындар (ұйымдар) дуальды оқытуға тарту бойынша орта білім беру ұйымдардың оқушыларын, жұмыссыз және табысы төмен, өзін-өзі жұмыспен қамтитын халық тобымен жүйелі түрде кәсіптік бағдар жүргізеді.