Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында электронды дәуірдегі дәстүрлі кітапхананың ағартушылық роліне тоқталып, кітапханалардағы кітап қорына жаңартулар мен толықтырулар енгізудің аса маңызды екенін атап айтқан болатын. Осыған орай, Жол-көлік колледжінде колледж кітапханасын қайта жаңғырту мақсатында мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді штрих код арқылы жасалған көркем әдебиеттер жүктелген стенд жасалды. Бұл заманауи стенд оқытушылар мен студенттер және жалпы оқырмандар үшін жылдам әрі қол жетімді. Сондай-ақ студенттердің білім кеңістігіндегі жетістіктерге қол жеткізіп, бәсекеге қабілетті әрі қазіргі қоғамда өзара байланыс орната білетін тұлға болып қалыптасуы мақсатында және республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде колледж кітапханасы «Оқырман ұстаз» клубы және «Кел, бірге оқиық» атты жаңа бағыттағы үйірме жұмыстарын бастады