Previous
Next
15.10.2021ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Жастар комитетінің ұйымдастыруымен «БАҚ: Цензура орынды ма?» тақырыбында колледж студенттері арасында пікірсайыс-дебат өткізілді. Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешімов қатысып, ойын соңында қатысушыларға әлі де дайындықтарын пысықтап, шыңдала түсу керектігін ескертіп, дебаттың оқушының білімділік, батылдылық, әдептілік қасиеттерінің шыңдалуына тигізер пайдасы орасан екендігін айтып өтті. Дебат клубының жұмысын ары қарай да жандандыра түсу керек – деп сөзін қорытындылады. Іс-шара барысында көрермен ретінде қатысқан студенттер де қызығушылық танытып, жиын соңында өз пікірлерін білдірді