03.12.2021ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Дебат клубының ұйымдастыруымен «Қазақстанда өлім жазасы қолданылуы керек пе?» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді. «Қазақстанда өлім жазасы қолданылуы керек» деп Қоғамдық-гуманитарлық пәндер циклдік комиссия меңгерушісі М.Тәнтік бастаған команда жақтап шықса, «Өлім жазасы мүлдем қолданылмау керек» – деген ұстанымдарын Тіл пәндері циклдік комиссиясы меңгерушісі Р.Найманбаева бастаған команда дәлелдеуге тырысты.
Іс-шараға колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Көрермен ретінде қатысқандар да дебатқа қызығушылық танытып, жиын соңында өз пікірлерін білдірді. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Р.Найманбаева бастаған даттаушы команда жеңіске жетті
Previous
Next