Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 14.01.2022 жылғы 3 қаулысына сәйкес:
Екінші семестрде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ағымдағы жылдың 24 қаңтарынан бастап теориялық сабақтар қашықтан, практикалық сабақтар штаттық режимде білім беруді бастайды.
Вакцинацияланған, вакцинацияның толық курсын аяқтаған студенттерді штаттық режимде оқытуға рұқсат етіледі.
Құрметті ата-аналар!
Сіздерді сұрақтар мазаласа, Сіздер үшін Жол-көлік колледжінің электронды поштасын және жауапты мамандарының байланыс телефондарын ұсынамыз!