29.03.2022ж. Колледждің презентация залында ақпараттық технологиялар және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Е.Тәліптің жоспарына сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және оларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында колледж психологы Мұса Таңшолпанның ұйымдастыруымен «ZEREK BOL» атты психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында сергіту жаттығулары, психологиялық ойындар, «Көзбен сана», «Атауға болмайтын сандар, «Артық сөзді тап», «Құлама сөз» психологиялық жаттығулары жүргізілді.
Іс-шара соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісті.