27.04.2022ж. Жол-көлік колледжінің «Топ жетекшілер» бірлестігінің «Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұратымыз» атты апталығының жоспарына сәйкес колледж мәжіліс залында «Асыл ана» тақырыбында білім алушылардың аналарымен кездесу өткізілді. Кездесу колледж директоры Г.Үкібайқызының алғы сөзімен ашылып, ары қарай әсем әуен, тәтті күймен көмкерілген, аналардың өнегесі мен тәлімі, өмірден түйгені мен жақсы лебізімен жалғасын тапқан жақсы бір мерекелік кешке ұласты. Жиын соңында аналар Г.Үкібайқызына және колледж ұжымына табыс тілеп, алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.