Previous
Next
28.01.2021ж. күні Жол-көлік колледжінің Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысты Қамқоршылық кеңес төрағасы Х.А.Сарсенов ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Отырыста колледж директоры Г.У.Искакова 2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысы – колледжде атқарылған ауқымды жұмыстар мен іс-шаралар бойынша есеп берді және алдағы атқарылатын міндеттер мен мақсаттарды таныстырды. Қамқоршылық кеңес төрағасы Х.А.Сарсенов пен кеңес мүшелері колледж басшысы Г.У.Искакова басқарып отырған ұжымның жұмысына оң бағасын берді. Қамқоршылық кеңес төрағасы Х.А.Сарсенов кеңес отырысын қорытындылай келе, Қамқоршылық кеңестің 2021 жылға құрылған жұмыс жоспарына сәйкес, бірнеше бағыттағы атқарылатын жұмыстарды айтып өтті.