Қысқы семестрден кейінгі каникулдан соң, Жол-көлік колледжінде өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларының алдын алу мақсатында бірыңғай «Адалдық сағаты» өтті. Аталмыш іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің маманы Ж.Қамбар қатысты. Бірыңғай «Адалдық сағатына» колледждегі «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің мүшелері белсене атсалысты.