12.09.2023ж. Жол-көлік колледжінің мәжіліс залында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқық бұзушылық – қоғам дерті» тақырыбында құқық қорғау қызметкерлері мен колледжге биылғы оқу жылында қабылданған І курс студенттері арасында кездесу өтті. Кездесуге ҚПД ЖҚПБ ЮПБ инспекторы, полиция лейтенанты М.Б.Тұрлыбаев, Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖҚПБ ЮПБ полиция аға лейтенанты Н.Молдыбаев және бөлім менгерушілері мен колледж психологы, оқу топтарының жетекшілері қатысты. Аталмыш жиынды колледж директорының тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимов ашты. Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері, сонымен қатар, түнгі жүрістердің зардабы, т.б. жөнінде көптеген мәліметтер келтіріліп, талқыланды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 23.00.–ден кейін ата-анасы немесе заңды өкілінсіз жүруге тыйым салынатындығын және жиі рейдтік шаралар ұйымдастырылатындығы ескертілді.