12.10.2023 ж. күні колледж презентация залында орта арнаулы оқу орындарының жастары арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және жастарды спортқа баулу негізінде кездесу өтті. Аталған шараны Шымкент қаласы, «Психикалық денсауық орталығы» психологы Айнұр Умарбекова бастап, іс-шара мақсатын атап өтті. Халық арасында АИТВ/ЖИТС пен нашақорлықтың, маскүнемдіктің алдын алу жолдары мен маңызды белгілері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Студенттерді зиянды әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдануға шақырды. Студенттер көкейіндегі сауалдарға жауап алып, жаңа мәліметтермен танысты.