ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
24.10.2024ж. Жол-көлік колледжінің мәжіліс залында 25-қазан Республика күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды колледж директоры Г.Ү.Искакова құттықтау сөзімен ашты және колледждегі жауапты да нәтижелі жұмыс атқарған қызметкерлер мен педагогикалық-шығармашылық жетістіктерге қол жеткізген оқытушыларды, сондай-ақ үлгілі тәртіп, сапалы білімімен көзге түскен студенттерді арнайы Алғыс хаттармен, грамоталармен марапаттады. Салтанатты мәжіліс колледж көркемөнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Қайта жаңғырған ұлттық мереке халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды қадам. Елдіктің еңселі рухы, бірліктің биік байрағы мәңгі көгімізде желбіресін! Ұлттың ұлық мерекесі құтты болсын!!!