2024 жылдың 15 тамыз күні Шымкент қаласындағы «Tulip Hall» мәдени орталығында «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбында педагогтердің қалалық тамыз кеңесі өтті.
Жол-көлік колледжінен директор Б.П. Нарбекова, оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Акмулдаев, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Ешімов, әдеп кеңесі мүшесі Н. Сақбаева, белсенді педагог Ұ. Бекмуратова қатысып, білім беру жүйесіндегі өзгерістермен танысты.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбековтың құттықтау сөзінен соң, бірқатар сала үздіктерінің арасынан Жол-көлік колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Акмулдаев Әбдімүтәліп Болысбекұлы техникалық және кәсіптік білім беру мекемесін дамытуға нәтижелі ұсыныстармен еңбек атқарғаны үшін Құрмет грамотамен марапатталды.
Әбдімүтәліп Болысбекұлы, марапатыңыз құтты болсын!!!