26.05.2022ж. ZOOM платформасы арқылы колледж қамқоршылық кеңесінің кезекті мәжілісі өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша колледж директоры Г.Ү.Искакова бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуы және ашықтығы жөнінде өз есебін берді. Колледж қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Е.Тәліп колледжге талапкер тарту шаралары бойынша баяндаса, колледждің әлеуметтік педагогы колледж білім алушыларының жекелеген санаттары бойынша бөлінген әлеуметтік төлмедерге тоқталды. Директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Е.Е.Абдираимов колледждің жұмысшы мамандықтары бойынша бітіруші студенттерге арналған WorldSkills тәсілі негізінде практикалық дағдыларын сапалы және кешенді бағалауға бағытталған демонстрациялық естихандарды өткізуге дайындық туралы мәлімет беріп өтті. Жиын соңында кеңес төрағасы Х.А.Сәрсенов қатысушыларға алғыс білдіріп, колледж ұжымына алдағы атқаратын істеріне табыс тіледі.