«Автомобиль және теміржол көлігінің Қазақстандағы бүгінгі ролі» тақырыбында колледждің әлеуметтік серіктестерімен кездесу

06.02.2020ж. күні 1108000, 1202000, 1203000, 1206000, 1303000 мамандықтары арнайы пәндері циклдік комиссиясының апталығы аясында «Автомобиль және теміржол көлігінің Қазақстандағы бүгінгі ролі» тақырыбында колледждің әлеуметтік серіктестерімен кездесу өткізілді.
колледж және мектеп оқушылары қатысуымен. Кездесуге «Орион» ЖШС директоры Тимченко С.В., «Вега» ЖШС директоры Кипчакбаев Е.Д., «Қазақстан темір жолы» ҰК Шымкент стансасы бас маманы Әлжанов Б.П., «Қазығұрт жол» ЖШС машинисті Аққожаев А., Шымкент қаласының ішкі істер департаментінің жергілікті полиция аға лейтенанты Жаппар С.Ғ. қатысып, колледж студенттерінің көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ кездесуге колледждің кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша өзара келісім-шартқа тұрған А.Байтурсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының оқушылары да қонақ ретінде арнайы шақырылды. Кездесу соңында мектеп оқушылары колледждің материалдық-техникалық базасымен толыққанды танысты.
Сонымен қатар 07.02.2020ж. күні ПЦК оқытушылары ашық апталықтың жоспарына сәйкес «Көлік көшбасшысы» интеллектуалды ойын сабағы және арнайы пәндерден ашық сабақтар өткізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған