АИТВ/ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Абай ауданы және Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығы мен Жол-көлік колледжінің ұйымдастыруымен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
📚 Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру.
📌Дәрісте барысында АИТВ-ның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдай. АИТВ, ЖИТС туралы түсінік. АИТВ-ны алдын-алу жолдары. Анти Ретровирусты терапияның мақсаты. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау тақырыптары айтылды.
Іс-шара ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы Жүргенбаева Назира және «Жол көлік» колледжі студенттерінің қатысуымен өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған