Алибаева Мира Дүйсенбекқызы мерейлі 60 жасқа толды

09.11.2022ж. Колледждің жатақханасында жемісті еңбек етіп келе жатқан Жатақхана күзетшісі Алибаева Мира Дүйсенбекқызы мерейлі 60 жасқа толды.
Колледж директорының у.м.а. А.Акмулдаев пен колледждің кәсіподақ ұйымы мерейлі датаны назардан тыс қалдырмай, мерейтой иесіне қамзол жауып құрмет көрсетті. Әріптестері туған күн иесі туралы жылы пікірлерін айтып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Жаңа жасыңыз құтты болсын, Мира Дүйсенбекқызы!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған