02.09.2025 ж. күні колледжімізде білім күніне арналған «БІЛІМГЕ БАСТАР АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара колледж директоры Нарбекова Балмаржан Полатқызының құттықтау сөзімен ашылып, ұстаздар мен ата-аналардың ізгі тілектеріне ұласты. Биылғы оқу жылында оқу орнымыз 540 студентпен толықты. Салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақтар Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ибрагимов Ролан Бекмагамбетович, «AMANAT» Шымкент қалалық филиалының төрағасы Жолдыхожаев Мурат Жанабаевич, «КТЖ – жүк тасымалы» ЖШС «ГП Шымкент» Шымкент бөлімшесінің директоры Байгазиев Нурдаулет Тасбалтаулы, Шымкент қаласы Жергілікті полиция бастығы, полковник Сүлейменов Ерғали Сыбанқұлұлы, колледжіміздің әлеуметтік серіктесі «ROYALMOTORS» ЖШС директоры Көпбаев Бағлан Кенжебекович қатысып, оқу орнымызбен жас өрендерімізге жылы лебіздерін арнады. Мерекелік кеш өнерпаз студенттеріміздің білім күніне арнаған ән-жырларымен жалғасын тауып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жаңа оқу жылы табысты, жетістіктерге толы болсын!