«ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2024 жылдың 30 мамыр күні Жол-көлік колледжінің конференция залында жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, қоғамдағы діни тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараға қатысқан спикерлер: ҚМДБ Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі, ғұламалар кеңесшісі, РАНТ мүшесі Сейтбеков Смайыл Сүйерқұлұлы және Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің теолог маманы Аманкелді Нұрдаулет.
Кездесу барысында сала мамандары жастарға Отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған