«Жалпыға міндетті декларация тапсыру» маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Жол-көлік колледжінің оқытушылары мен қызметкерлеріне арнап адалдық сағаты ұйымдастырылды.

16.05.2022ж. Колледждің мәжіліс залында оқытушылар арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және сыбайластықтың алдын алу, 2024 жылға дейін кезең-кезеңімен енгізілетін «Жалпыға міндетті декларация тапсыру» маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Жол-көлік колледжінің оқытушылары мен қызметкерлеріне арнап адалдық сағаты ұйымдастырылды. Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменің бас маманы Әлжанова Жазира Салханқызы қатысты.
Кездесу барысында адалдықтың, мамандығын сүюдің, адал еңбекпен нан табудың сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.
Департамент өкілі оқытушылар мен қызметкерлерге адал болуға, пара алмауға, пара бермеуге, пара бергендерге де қылмыстық жауапкершіліктің бар екендігін айтып, әрқашан адал болуға, ел дамуына үлес қосатын мықты маман болуға, шақырды.
Оқытушылар парасаттылық, адалдық құндылықтарына қатысты өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауаптар алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған