«Жас маман» жобасы аясында Жол-көлік колледжіне арнайы алынған құрал-жабдықтардың сипаттамасы

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен іске асырылған «Жас маман» жобасының негізгі мақсаты: халықаралық стандарттар талаптарына сай жоғары білікті мамандарды дайындау және халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи үлгідегі құрал-жабдықтарды жаңарту болатын. Аталмыш жоба аясында мемлекет – колледждің  материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттар талаптарына сай соңғы заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін тиісті қаржы бөлген болатын. Осыған байланысты Шымкент қаласы білім басқармасының «Жол – көлік колледжі» МКҚК  «Жас маман» жобасы негізінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлау, орта білім алған мамандардың кәсіби біліктілігін дамыту мақсатында бөлінген қаржыға 1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»  және 1303000 –   «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша қажетті құрал-жабдықтар сатып алынуда.

Қазіргі таңда 40 –қа жуық  құрал-жабдықтар колледж базасына толық орнатылды. (Алынған құрал-жабдықтардың бірнеше түрі назарға ұсынылды)

1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша  келген  құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы білім алушылар келесі құзіреттіліктерді игереді:

-Автомобильдің тораптарының және агрегаттарының құрылысы және жұмысын;

– Автокөлікті  пайдалануды және техникалық  қызмет көрсетуді;

– «Автокөлікті жөндеу слесарі» біліктілігі бойынша практикалық жұмыстарды орындауды;

-. Автокөліктің бөлшектері мен механизмдерін жобалау және құрастыруды;

– Автокөлік техникасының механизмдерімен   агрегаттарының  конструктивті есептеулерін орындауды;

– Автокөліктің  технологиялық жағдайын тексеру және бақылауды;

– Автокөліктерге  техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруды;

– Автокөліктерді  және технологиялық жабдықтардың жөндеуін ұйымдастыруды

  1. Bosch FSA 740 Автокөлік жүйелерінің диагностикалық кешені (мототестер)
  2. «Әрекеттегі инжекторлық ІЖҚ» зертханалық стенд Consulab em-140 02-035021
  3. LAUNCH X431 Pro 3 диагностикалық мультимаркалы сканері
  4. Жеңіл автомобильдердің электр жабдықтарын тексеруге арналған стенд SPIN 02.004.05 BANCHETTO PROFI INVERTER
  5. Мыс пластинадағы коррозиялық белсенділікті сынауға арналған жиынтық  ЛАБ-КМП
  6. Слесарлық верстак GEFEST-ВС
  7. «4 цилиндрлі ДВС (дизельді және бензинді) қозғалтқыш-генераторлық жүктеу қондырғысы бар жұмыс процестері» автоматтандырылған зертханалық кешені
  8. Автомобиль диагностикалық сканері launch HD box III
  9. Гидравликалық штабелер SFH 1516
  10. «Бензинді үлестірілген бүрку жүйесі» оқу-зертханалық жабдықтар жиынтығы
  11. DAF жүк машинасы үшін қозғалтқыш
  12. Батареяларды зарядтауға арналған шкаф
  13. Шеберханаға арналған гидравликалық пресс
  14. «Жеңіл автомобильге қызмет көрсету және жөндеу» бағдарламалық-әдістемелік кешені
  15. «Р-1250 әмбебап стенд (беріліс қорабы мен қозғалтқыштарға арналған Кантователь)
  16. Р-500Е әмбебап стенд (жеңіл автомобиль қозғалтқыштарына арналған Кантователь)
  17. Жүк автомобилінің механикалық беріліс қорабы
  18. 850 мм-лік төрт тіректі түзету тірегіші
  19. Беру механизмі бар жартылай автоматты дәнекерлеу машинасы 

1303000 –   «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша келген  құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы білім алушылар келесі құзіреттіліктерді игереді:

  • автоматиканы және сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау дискреттік құрылғыларын қолдану
  • темір жол көлігіндегі электрбайланысының техникалық құралдарын қолдану
  • телемеханикалық бақылау және техникалық диагностика жүйесін қолдану
  • сигнал беруді, орталықтандыруды және бұғаттауды электрмен қоректендіретін құрылғыларды қолдану
  • темір жол көлігінде автоматтандырылған станциялық жүйелерді қолдану және станцияда сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу
  • поездардың қозғалысын автоматтандырылған интервалды реттеу жүйелерін қолдану және бөгендерде сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу
  • сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрмонтердің негізгі жұмыс түрлерін орындау.

1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы және   1303000 –   «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша алынған құрал-жабдықтармен жұмыс жүргізу, сонымен қатар оқу практикасында тиімді қолдану мақсатында колледждің арнайы пән оқытушылары әр құрал-жабдықты жетік меңгеру мақсатында құрал-жабдықтардың нұсқаулығымен танысып, техникалық кеңес курстарынан өтті және  арнайы Сертификаттар алды. (Бірнеше үлгісі көрсетілді)

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған