Жатақханада тұратын студенттерге арналған «Ойланайық, пікірлесейік» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

05.09.2023ж. күні Колледж жатақханасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимовтың ұйымдастыруымен бөлім меңгерушілері, жатақхана меңгерушісі мен тәрбиешілері қатысуымен жатақханада тұратын студенттерге арналған «Ойланайық, пікірлесейік» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында колледждің тәрбие ұйымы мүшелері 2023-2024 оқу жылында қабылданған студенттердің жатақханадағы тыныс-тіршілігімен танысып, жатақхананың ішкі тәртіп ережелері мен тәртібі туралы айта кетті . Сондай-ақ студенттерді білім алумен қатар, қоғамдық жұмыстар мен іс-шараларға белсене араласуға шақырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған