Жол-көлік колледжінде оқытушылардың қатысуымен «Таным – өнер- спорт» байқауы 15-ші рет өз жалауын желбіретті

18.05.2023ж. күні Жол-көлік колледжінде оқытушылардың қатысуымен «Таным – өнер- спорт» байқауы 15-ші рет өз жалауын желбіретті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл байқау – педагог қызметкерлердің ерекше қабілеттері мен таңдаулы қасиеттерін, сондай-ақ, оқытушының педагогикалық іс-әрекеттерімен қатар салауатты өмір салтын ұстанымы мен өнер-таным шеберліктерін қалыптастыратын және ұжым арасында ынтымақтастық, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайтатын бірден-бір іс-шара. Іс-шараның бірінші күнінде оқытушылар топтарға бөлініп, шағын футбол, волейбол, баскетбол сынды спорт түрлерінен өзара сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы ертең 19.05.2023ж. белгілі болады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған