2025 жылғы 3 қарашада Жол-көлік колледжінде студенттік өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау өтті. Бұл маңызды шараға колледждің белсенді, көшбасшылық қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол студенттері үміткер ретінде қатысты.
Дауыс беру рәсімі ашық түрде ұйымдастырылып, әр студент арнайы бюллетень арқылы өз таңдауын жасады. Сайлау алды науқанға 6 үміткер тіркелген болатын.
Студенттер дауыс бергеннен кейін, комиссия мүшелерінің қатысуымен бюллетеньдер саналып, нәтижелер ресми түрде шығарылды.
Сайлау қорытындысы:
800-ден астам студенттің дауысын есептеу нәтижесінде 251 дауыс (30%) жинап, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жаңа Президенті болып ОПУАТ 9-241 тобының 2 курс студенті Ысқақ Ерсайын сайланды.
Ерсайынды шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа бастамалар мен белсенді студенттік өмірге жол ашылсын!