Жол-көлік колледжінің презентация залында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жоспарына сәйкес патриоттық әлеуметтік жобалар аясында ардагерлермен “Ерлік ұмытылмайды” атты кездесу өтті

12.09.2023ж Жол-көлік колледжінің презентация залында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жоспарына сәйкес патриоттық әлеуметтік жобалар аясында ардагерлермен “Ерлік ұмытылмайды” атты кездесу өтті.
Кездесудің алғысөзін Семей ядорлық полигонында әскери қызмет атқарып, полигонның жабылуына үлес қосқан ардагер Дарибаев Дуйсенбек Арабекұлы өз естелігімен бастады. Қонақтар өздерінің әскери қызмет атқарған кездеріндегі оқиғаларды еске алды. Ардагерлермен ашық еркін форматта әңгіме өрбіді.
Кештің мақсаты ардагерлерге құрмет көрсету және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады.Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Кездесудің соңында ардагерлер жас жеткіншектерге Отанымыздың адал патриоттары болуларына тілек білдірді және естелік суретке түсті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған