«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ -2024»

2024 жылдың 27-28 мамыр күндері Жол-көлік колледжінде «Мейірім жүректен» атты айлық жоспарына сәйкес І курс ұлдары арасында колледжішілік «ЖІГІТ СҰЛТАНЫ – 2024” сайысы өтті.
Барлық оқу топтарынан 10 білім алушы қатысып, өзара бақ сынасты. Табиғатынан таланттыларды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайтатын, жастарды қолдайтын сайыс II кезеңнен тұрды. I кезең ұлттық спортты насихаттау мақсатында ширату (гір тасын көтеру, асық ойыны, ләңгі тебу, дротик ату). II кезеңде «Алаштың ер ұланы» өзін-өзі жан-жақты таныстыру, «Бабалар өсиеті – ер қасиеті» танымдық сұрақтар, «Өнерлінің өрісі кең» өз өнерін көрсету бөлімдері бойынша сынасты. Сайыс білім алушыларды болашаққа бағыттап, оларды жігерлік пен ұстамдылыққа, тапқырлық пен ақылдылыққа, ізгілік пен парасаттылыққа, батылдық пен шымырлыққа тәрбиеледі. Өз бойларындағы өнерлерін жан-жақты көрсете білген жүлделі Райсбек Ермахан III-орынды, Орал Нұрмахаммед II-орынды, Кеңесбай Марат I-орынды иеленді.
Сайыс соңында қатысқан барлық қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталып, жүлделі сыйлықтарға ие болды. Тәуелсіз елдің ұландары осылайша мықтылықтарын танытып, «Жігіт сұлтаны» деген атқа лайық екендіктерін дәлелдеді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған