«Жұмыс берушілер күні» іс-шарасы

15.11.2022ж. Республикалық жұмыс берушілер күніне орай Жол-көлік колледжінде «Жұмыс берушілер күні» іс-шарасы өткізілді. Жұмыс берушілер мен қадірменді қонақтар колледж студенттері дайындаған көрмені тамашалаудан бастады.
BASF Societas Europaea концерінің Ұлттық эксперті Романов М.И. «Сырлау-кептіру» камерасында
«Автокөлікті бояу процесінде қолданылатын жаңа технологияларға шолу жасау» тақырыбында мастер-класс өткізді. Ары қарай мәртебелі қонақтар колледжің материалдық-техникалық базасымен, «Жас маман» жобасы аясында алынған құрал-жабдықтармен танысты.
Колледж мәжіліс залындағы салтанатты іс-шара Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тажиева, колледж директоры Гүлзат Үкібайқызы Искаковалардың алғысөзімен ашылып, колледж көркемөнерпаздарының қойған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
«КазБелаз» мекемесімен меморандум түзілді.
Жиын соңында үздік әлеуметтік әріптестер алғыс хаттармен марапатталды

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған