Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова Жол-көлік колледжінің 4-курс студенттерімен кездесу өткізді.
Спикер іс-шара барысында түлектерге жұмысқа орналасу тәртібін түсіндіріп, Департамент жанынан құрылған «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебіне» шақырды. Жиын соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауаптарын алды.