Колледж студенттерінің арасында футбол және волейбол ойындарынан өткен турнир

2019 жылғы 15-16 қазан күндері жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Қоғамдық денсаулық сақтау институтының ұйымдастыруымен колледж студенттерінің арасында футбол және волейбол ойындарынан өткен турнирде ЖОЛ-КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ студенттерінің құрама командалары: Футбол ойыны бойынша (ер балалар құрама командасы) – жүлделі І ОРЫН, Волейбол ойыны бойынша (қыз балалар құрама командасы) – жүлделі ІІІ ОРЫНға ие болып, арнайы Дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Колледж директоры Г.Ү.Искакова аталмыш турнирден жеңіспен оралған студент жастарға өмір жолдарында да жеңісті күндердің көп болуын тілеп, өз алғысын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған