



Колледж кітапханасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларына және колледж оқу бағдарламаларымен жоспарларына сәйкес оқу-тәрбие процесін әдебиет және ақпаратпен қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі.
Оқу залында оқырмандарға қызмет көрсету үшін 9 компьютерлер орналасқан және интернет желісіне қосылған. ҚР-сы мемлекеттік рәміздері, кітап қоры орналасу схемасы, каталог бойынша ақпарат іздеу, сапа менеджменті жүйесі, кітапхана туралы ақпарат және техникалық қауіпсіздік бұрыштары ұйымдастырылған.Кітап қоры 2014 жылы 410 дана (мемелекеттік және орыс тілінде) және 2015 жылы 280 дана (мемелекеттік және орыс тілінде) жалпы білім пәндері бойынша толықтырылды. 2016 жылы 7 дана (мемлекеттік тілінде) көркем әдебиеттері алынды. Ал 2018 жылғы оқу жылында 2050 дана жалпы білім пәндері бойынша толықтырылды (мемелекеттік және орыс тілінде). 2019 жылғы оқу жылында 830 дана жалпы білім пәндері бойынша толықтырылды (мемелекеттік және орыс тілінде). Ал 2020 оқу жылында пайдалану үшін 236 дана, қазақ және орыс тілінде аударылған шетелдік оқу әдебиеттерінен оқулықтар техникалық сипаттамаға сәйкес тегін қабылданды. Соның ішінде, КЕАҚ «Кәсіпқор» холдингінен 96 дана оқулық (мемелекеттік және орыс тілінде), «Фолиант» баспасынан 100 дана оқулық (мемелекеттік және орыс тілінде),»Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ –нан 40 дана оқулық (мемелекеттік және орыс тілінде).
2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | |
Кітап қоры | 47016 | 49066 | 49896 | 50137 | 50258 | 50923 |
Оқулықтар | 39316 | 41166 | 41991 | 42232 | 42242 | 42907 |
Арнайы пән оқулықтары | 22376 | 22376 | 22376 | 22612 | 22622 | 22637 |
Жалпы білім беретін пән оқулықтары | 16940 | 18790 | 19620 | 19620 | 19620 | 20270 |
Оқу әдістемелік әдебиеттер | 582 | 782 | 787 | 787 | 787 | 787 |
Ғылыми әдебиеттер | 905 | 905 | 905 | 905 | 905 | 905 |
Көркем әдебиеттер | 6213 | 6213 | 6213 | 6213 | 6324 | 6324 |