


«2021 жыл Қазақстан Республикасының президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялағаннан кейін атқарылатын іс-шаралар жоспары жасалды. Офлайн форматта кесте бойынша ақпан айында оқушыларды кітапхана жұмысымен және «QR-кодталған кітаптармен жұмыс жүргізу» тәсілімен таныстырылды. Мобильді телефонның камерасы арқылы жасалған көркем әдебиеттер жүктелген бұрыштама жасалды. Бұл бұрыштамада қазақша көркем әдеби кітаптан 50 дана және орыс тілінде 10 дана бар. QR –кодталған кітаптар бұрыштамасын пайдалануларыңызды ұсынамын. Сонымен қатар «Оқуға құштар колледж» жобасы шеңберінде кітапхана қорындағы кітап қорымен таныстырылды. Білім алушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан бұл іс-шара арнайы кесте бойынша әр оқу тобына жеке таныстырылды. Колледж вестибюлінде түрлі тақырыптағы әдеби кітаптардан заманауи стеллаж жасалды.












Ақпан айынан бастап көрнекті ағартушы, педагог, ақын, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай студенттер арасында «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбындағы челленджді басталып, қазіргі уақытта жалғасып жатыр.
Сонымен қатар офлайн форматта «Ғаламтор кітапты алмастыра ала ма?» пікір-сайыс өткізілді. Колледж оқытушылары мен 1 курс оқушылары «Ғаламтор кітапты алмастыра ала ма?» деген сұраққа өз ойларын айтып, талқылады. Пікір-сайыста – «Интернет қаншалықты қажеттілік болса да, кітаптың орнын баса алмайды. Кітап рухани азық қана емес. Түсінген адамға сырлас дос. Интернеттен онлайн кітап оқысаң да, қолыңа кітап алып оқыған бөлек» деген пікірге келді.
Және де офлайн форматта «Оқырман мұғалімдер» клубы ашылды. Әр кафедра кесте бойынша ай сайын өткізеді. Бұл клубтың мақсаты –аға буын оқытушылар мен жас мұғалімдер арасындағы әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Оқытушылар өздері оқыған көркем әдебиет кітаптарды талқылайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының «2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялауына байланысты Жол-көлік колледжінде жоспарлы түрде онлайн және офлайн форматта әртүрлі іс-шаралар өтілуде, солардың бірі – «Оқырман мұғалімдер» клубы.
Аталған клуб айына бір рет колледжіміздің оқытушылар құрамының арасында өтіледі. Клубтың басты мақсаты – аға-буын оқытушылар мен жас мұғалімдердің арасындағы байланысты нығайтып, кітапқа деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты арттырып, оларға рухани азық беру.
Еркін форматта өтілетін «Оқырман мұғалімдер» клубында әріптестеріміз өздерінің оқыған қызық және де өмірлік тәрбиесі мол кітаптарымен бөлісіп. Оларды таңдауындағы мақсатын, оның өз өмірде және бала тәрбиесіндегі маңызын және де кітаптың мотивациялық әсерін әңгімелейді. Олардың мазмұнымен бөліседі.
Колледж жатақханасына да «QR-кодталған кітаптармен жұмыс жүргізу» тәсілімен таныстыру жұмысы жүргізілді.




Жоспар бойынша наурыз айында атқарылған іс-шаралардың бірі «Оқырман ұжым» челленджі. Ұмытлып бара жатқан ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында челленджді алғашқы болып колледж директоры Искакова Гүлзат Үкібайқызы бастады. Бұл челлендждің мақсаты қазақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді насихаттау.
Және де жоспар бойынша наурыз айында «Отбасы тәрбиесінің кітап оқуға әсері» атты треннингті педагог-психолог Т.Мұса өткізді. Бұл треннингке оқытушылар, ата-аналар және оқушылар қатысты. Бұл треннингтің мақсаты кітап оқу арқылы адамның ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту. Әрі қарай сәуір айынан бастап Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жүз жыл жырлаған жүрек» тақырыбында әдеби кеш өтеді. Және де сәуір айынан бастап «Ұлы дала аңыздары» атты челлендж басталады. Бұл челлендждің ерекшелігі ата-аналардың қатысуымен дастан, қисса, шежіре , әңгімелеу болады.
Кітапхана жаңалықтары
Әдеби кештер, «Үздік буктрейлер» байқауы
Ы.Алтынсарин «Кел, балалар оқылық» челленджі
Қазақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып,ырымдарын кейінгі жастарға дәріптеу мақсатындағы челендж