«Студенттер күніне» арналған мерекелік іс-шара

17.11.2022ж. күні Жол – көлік колледжінде сұлу сезім, қайратты мінез, жігерлік пен жастық шақтың мерекесі – «Студенттер күніне» арналған мерекелік іс-шара атап өтілді. Іс-шара барысында студенттердің қатысуымен ән мен күйден, жырдан шашу шашылды және жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін колледжішілік «Өнерлі өрге жүзер» сайысының қорытындысы бойынша жеңімпаз топтар Мадақтама қағазы мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара соңында 2022-2023 оқу жылы қабылданған оқу топтарының студенттеріне салтанатты түрде Студенттік билет пен білімнің алтын кілті табыс етілді.
Жастар салауатты өмірді қолдайды атты спорттық іс-шара өтті

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған