19.05.2023ж. күні Жол-көлік колледжінде оқытушылардың қатысуымен 15-ші рет өз жалауын желбіреткен «Таным – өнер- спорт» байқауы өз мәресіне жетті.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Жалпыбілім және жалпыкәсіптік пәндері циклдік комиссиясы иеленсе, жүлделі ІІ-ІІІ орындарды сәйкесінше Қоғамдық-гуманитарлық пәндері және 07320700 мамандығының арнайы пәндерінің циклдік комиссиялары өзара бөлісті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл байқау – педагог қызметкерлердің ерекше қабілеттері мен таңдаулы қасиеттерін, сондай-ақ, оқытушының педагогикалық іс-әрекеттерімен қатар салауатты өмір салтын ұстанымы мен өнер-таным шеберліктерін қалыптастыратын және ұжым арасында ынтымақтастық, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайтатын бірден-бір іс-шара. Іс-шараның бірінші күнінде оқытушылар топтарға бөлініп, шағын футбол, волейбол, баскетбол сынды спорт түрлерінен өзара сайысқа түссе, екінші күнінде сахналық қойылымнан және ән айтудан сайысқа түсті.
![347264140_953922208989016_2923009167776570108_n](https://transkol.kz/wp-content/uploads/2023/05/347264140_953922208989016_2923009167776570108_n-750x450.jpg)
![347241369_919191545823723_3892231839473929768_n](https://transkol.kz/wp-content/uploads/2023/05/347241369_919191545823723_3892231839473929768_n-750x450.jpg)
![347136390_793787675467292_7604817191158172901_n](https://transkol.kz/wp-content/uploads/2023/05/347136390_793787675467292_7604817191158172901_n-750x450.jpg)
Previous
Next