«Таным – Өнер – Спорт» байқауы

27-28.05.2021ж. күндері Жол-көлік колледжінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Таным – Өнер – Спорт» байқауы өтті. Бұл байқау – педагог қызметкерлердің ерекше қабілеттері мен таңдаулы қасиеттерін, сондай-ақ, оқытушының педагогикалық іс-әрекеттерімен қатар салауатты өмір салтын ұстанымы мен өнер-таным шеберліктерін қалыптастыратын және ұжым арасында ынтымақтастық, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайтатын бірден-бір іс-шара. Аталмыш байқаудың бірінші күні спорттық ойын түрлері – футбол, баскетбол және волейболдан командалық жарыстар ұйымдастырылды. Спорт түрлерінен өткен сайыста ойынға қатысқан барлық командаларға колледждің кәсіподақ ұйымының тарапынан арнайы сыйақылар бөлініп, табыс етілді. 28.05.2021ж. күні өткен «Таным-өнер» бөлімінің «Маска-шоу» кезеңіне қатысқан ПЦК оқытушылары түрлі кейіпкерлердің образына еніп, сахнада ән мен биден шашу шашты. Сонымен қатар байқаудың екінші кезеңінде оқытушылар комедиялық жанрда қойылымдар қойып, сатиралық образдар сомдады. Салтанатты кеш соңында Үздіктерге арнайы сыйлықтар тапсырылды және Дипломдармен марапатталды

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған